Song Cover Image

Бейбір Қорган - Шоқ қыздар

[Verse 1] Жанары оттай жанып жүрегімді шоқтай қарып Сұлуларды көргенімде жаным тағы таппай қалып На на ней жүректің әсем әніндей Еліткен бірден мені гүл майысып жүргендері Қоңыраудай сылдыр қағып еркелікпен күлгендері На на ней ал бикештер оттай болып Қол тигізбес шоқтай болып жанады [Chorus] Байланып көздеріне оның жарқылдаған жаздың жанына ай Алатаудың аппақ қарындай ай ай ай Айналдым ақ жүзінен оның жадыратқан жастық шағындай Ақ Жайықтың атқан таңындай ай ай ай [Verse 2] Сырларын білгізбеген біз құлпырған гүлміз деген Жігіттерге арман болып қол жеткізбей жүрміз деген На на ней жарасқан жанның сәніндей Көңілдің ырғақты әні қандай тәтті тіл қатқаны Таусылмас сыры бұл өмірдің шешілмеген жұмбақтары На на ней Бұл бикештер оттай болып Қол тигізбес шоқтай болып жанады [Chorus] Байланып көздеріне оның жарқылдаған жаздың жанына ай Алатаудың аппақ қарындай ай ай ай Айналдым ақ жүзінен оның жадыратқан жастық шағындай Ақ Жайықтың атқан таңындай ай ай ай